Тапсырысты қалай рәсімдеу қажет

Біздің сайтта тапсырыс беру оңай!


∗ Біздің каталогтардан өзіңізге қажетті өнімдерді таңдаңыз:

 » Ересектер мен балаларға арналған матрастардың барлық түрлерін біздің Матрастар каталогынан таба аласыз

 » Әр түрлі стильдегі тумба және кереуеттерді Жиһаз каталогынан таба аласыз

 » Матрасқаптар мен жастықтарды Аксессуарлардан


Оңай іздеу үшін сіз сүзгілер мен сұрыптауды қолдана аласыз.


∗ Біз сізге онлайн сатып алудың екі нұсқасын ұсынамыз:

 » Сіз "Телефон арқылы сатып алуды" таңдап, қалқымалы терезеде өз атыңыз бен телефон нөміріңізді жаза аласыз. Біздің байланыс орталығының қызметкерлері жақын арада сізбен хабарласады, барлық сұрақтарға жауап береді және телефон арқылы сіздің тапсырысыңызды ресімдейді.

 » Сіз өзіңізге ұнайтын тауарларды себетке қосып, төмендегі нұсқауларды орындасаңыз болады


∗ "Себетке"өтіңіз. Мұнда сіз сатып алуды жоспарлаған өнімдердің тізімін көре аласыз және олардың санын реттей де аласыз. Тапсырысты тексеріңіз және "Тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.


∗ Бізде тапсырыс алудың екі әдісі бар - үйге жеткізу және өзі алып кету. Жеткізу және өзі алып кету шарттарымен мына жерден таныса аласыз.

Өзіңізге сәйкес әдісті таңдап, сіздің деректеріңіз қажетті деген барлық терезелерді толтырыңыз. "Тапсырысты рәсімдеу" батырмасын басыңыз.


∗ Келесі кезең - төлем әдістері және біз сізге бірнеше нұсқаны ұсынамыз:

 » Сіз онлайн тапсырыстың барлық құнын VISA немесе Master-Card банк карталарымен онлайн төлей аласыз.

 » Сіз онлайн тапсырыстың бір бөлігін VISA немесе Master-Card банк карталарымен, ал қалған бөлігін жеткізу күні POS-терминалдар арқылы төлей аласыз.

 » Сіз тапсырыстың барлық құнын POS-терминалдар арқылы жеткізу күні төлей аласыз.


Жеткізу кезінде қолма-қол ақшамен төлеу қарастырылмағанына назар аударыңыз.

Төлем тәсілдері туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Өзіңізге қолайлы төлем тәсілін таңдаңыз және "Тапсырысты рәсімдеу" батырмасын басыңыз.


∗ Сіздің тапсырысыңыз өңдеуге қабылданды!

 » Сіздің электронды поштаңызға тапсырысыңыз туралы егжей-тегжейлі хат келеді. Егер хат келмесе, "спам" папкасын тексеріңіз.

 » Жақын арада сізбен біздің байланыс орталығымыздың қызметкерлері хабарласады, тапсырысты растап, жеткізу немесе алып кету туралы мәліметтерді анықтап тіркейді.

 » Сіз "Жеке кабинетке" өтіп өз тапсырысыңыздың мәртебесін қадағалай аласыз.


Егер сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат қажет болса, біздің байланыс орталығымызға қоңырау шалыңыз.

"Матрас Орталығы"  таңдағаныңыз үшін, рахмет!

 

 

 

Тіркеу

Қате

Қалпына келтіру

Қате

Стандартты емес матрасқа тапсырыс беру

Қате Жетістік
Қате Жетістік
Қате Жетістік

Қоңырауға тапсырыс беру

Қате Жетістік
Қате Жетістік
Қате Жетістік